5,6 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қосылды
kn.kz
Қазақстанда төрт жыл ішінде билік пайдаланылмаған 15,4 млн гектар жерді анықтады, деп хабарлады Orda.kz.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта департамент мамандары пайдаланылмаған 15,4 млн гектар ауылшаруашылық жерлерін анықтады. Оның 5,4 миллион гектары ауылшаруашылық айналымына, 5,6 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 4,4 млн гектар сот арқылы тәркіленіп жатыр.
2019 жылы заңнамалық өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2020 жылдың қаңтарынан бастап, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ауылшаруашылық жерлеріне космомониторингтің пилоттық жобасы басталды.
– Бұл аймақтар кездейсоқ таңдалмаған, дәл осы аймақтардан жерді пайдалану саласындағы өтініштер мен шағымдар көп түседі. 2020 жылдың желтоқсан айында осы аймақтардағы пилоттық жоба аяқталды, - деді ол.
Пилоттық аймақтарда жүргізілген космомониторингтің нәтижелері бойынша пайдаланылмаған 8,3 млн гектар жер анықталды. Оның 7,6 млн гектары – жайылымдық, 0,7 млн гектары – егістік жерлері. 7,6 млн-ның 2,2 млн гектары ауылшаруашылық айналымына қайта тартылып, 2,6 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы 3,5 миллион гектар тәркіленді.
Министрдің айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл республикада космомониторинг қолданыла бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық