480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді – Әсет Ерғалиев
Фото: primeminister.kz
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Жобаның мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізе отырып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір сүруге жайлы орта құру бойынша шаралар іске асырылуда. Жобаның шеңберінде 3,5 мыңнан астам перспективалы ауыл айқындалды, онда еліміздегі ауыл халқының 90%-ға жуығы тұрады. Атап айтсақ, 1 173 тірек және 2 388 серіктес ауыл іріктелді», — деді Ә. Ерғалиев.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететінін айтқан Ерғалиев ауылдық аумақтарды дамытуға қанша қаражат жұмсалғанын жеткізді.
– Қазіргі таңда өңірлерде 400-ден астам жоба аяқталды, қалған жобалар жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Жалпы 2019-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды. Келесі 4 жыл ішінде 1,3 трлн теңге бөлінеді,оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде – 670 млрд теңге, — деді ұлттық экономика министрі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық