464 дана ақбөкен мүйізін шатырында заңсыз сақтаған ер адам ұсталды
Фото: ІІМ
Жетісу облысында 464 дана ақбөкен мүйізін шатырында заңсыз сақтаған 39 жастағы ер адам ұсталды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Жетісу облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, шекара қызметі мен ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануар бөліктерімен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады. Зерттеу нәтижесінде күдікті мемлекетке 1 миллиард 284 816 000 теңге шығын келтірген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданы аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде үйдің шатырынан скочтпен оралған 7 картон қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 464 дана ақбөкен мүйізі болған»,– деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Табылған мүйіздерге олардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін сот-биологиялық сараптама тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық