«460 бала ұшынды»: Маңғыстау мектебіндегі жағдайды премьер-министр қолға алды
Коллаж Orda.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау және білім министрі және Маңғыстау облысының әкімімен бірге Бесшоқы ауылындағы мектепте балалардың ұшынуы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Orda.kz.
Премьер-министрдің мәлімдемесіне сүйенсек, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында 460 бала бар, олардың 83-і ауруханаға жатқызылған, ал екі бала жансақтау бөліміне түскен еді.
Қазіргі таңда барлық балалардың жағдайы тұрақты, реанимациядағы екі баланың денсаулығы жақсара бастаған соң олар да жалпы бөлімге ауыстырылды.
«Қазіргі уақытта ауруханаға ұшыну белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, премьер-министрдің баспасөз қызметі аурудың таралуын тоқтату және жою мақсатында аймаққа «Ғылыми-практикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығы» филиалы мамандары жіберілгенін айтты. Үкімет басшысының тапсырмасымен, барлық мектеп асханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеру үшін бір ай мониторинг жүргізіледі. Бұл мектеп тағамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған.
№8 мектептегі улану себептеріне зерттеу жүргізілуде. Жауапты тұлғалар заң бойынша жазаға тартылады.
Еске сала кетсек, Orda.kz осы мәселені жазған болатын. Онда осы асханаға қызмет көрсететін кәсіпкерлік туралы айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық