45 жастағы Айгүл Иманбаева Лондон университетіне оқуға түсті 

cover

Отандық  актриса Айгүл Иманбаева халықаралық «Болашақ» стипендиясымен оқуға түскенін айтты.

45 жастағы актриса Айгүл Иманбаева студент атанып отыр. Алдағы уақытта ол тұманды Альбионда білімін жетілдірмек. 

- Достар, қуанышты хабарым бар!  Мен Лондон университетіне оқуға түстім, яғни Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқимын. Бүгін мен бұл жаңалықты «Өмір көркем» бағдарламасында бөлістім. Маған жақсылық тілегендердің барлық армандары орындалсын, - деді Айгүл әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Актриса театрдағы рөлімен қатар эстрадалық әндердің орындаушысы ретінде де танымал. Сонымен бірге республикалық арналарда бағдарлама жүргізушісі болған. Қазақ көрермені оны бір кездері «Хабар» арнасында көрсетілген «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы жақсы таниды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар