45 мың теңге үшін такси жүргізушісі жолаушыны буындырып өлтірген
Depositphotos
Айуандықпен жолаушыны өлтірген таксист 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
25 жастағы қылмыскер алғашқы сот отырысында өз қылмысын толық мойындаған.
Ол әйелді ақша үшін өлтіріп, қамыстың арасына тастап кеткен. Сот залына келген қылмыскер өзіне тағылған үкімді үнсіз тыңдап, процес біткенше басын көтере алмады. Жолаушысын өлтірген такси жүргізушіні судья 19 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимде өтеуге шешім шығарды.
Қылмыскер деп танылған 25 жастағы азаматтың жақындары камера алдында сөйлемеді. Айта кетерлігі такси жүргізушінің өзі сот барысында тағы бір кінәсін мойындаған.
Ал марқұм келіншектің жақындарының судьяның шешіміне көңілдері толмады. Айтуларынша, қыздарын айуандықпен өлтірген қылмыскерге кемінде 25 жыл беруі керек дейді.
«Шешімге қанағаттанбадым. Кемінде 20-25 жылға сотталуы керек еді. Мен ешқашан кешірім бермеймін», — деді марқұмның анасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық