41 күн интернетсіз қалған Жетісу тұрғындарының ақшасы қайтарылады
Коллаж: Егемен Қазақстан
Сот Жетісу тұрғындарын 41 күн интернетсіз қалдырған байланыс операторын өтелген қаражатты қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сот арқылы ұялы байланыс пен интернет қызметтері үшін ақы төлеп, бірақ 41 күн бойы бұл қызметтерді нақты ала алмаған тұрғындарға өтемақы өндіріп беру туралы шешім шығарды.
Істің мән-жайын айта кетсек, 2025 жылғы 10 қазан мен 19 қараша аралығында облыстың бір ауданында байланыс қызметтері жұмыс істемеген. Соған қарамастан оператор ай сайынғы абоненттік төлемді (айына 11 670 теңгеден бастап) алуды жалғастырған.
Бұл жағдай елеулі қиындықтар туғызып, ересектер жедел қызметтерге хабарласа алмаған, ал балалар қашықтан оқу мүмкіндігінен толық айырылған.
Тұтынушылардың шағымына жауап ретінде оператор инфрақұрылымның жоқтығын алға тартқан, алайда абоненттерді алдын ала ескерткенін растайтын дәлел ұсына алмаған.
Департаменттің талап-арызы бойынша сот медиативтік келісім бекітті. Соның негізінде байланыс операторы тұтынушыларға 234 657 теңгеден қайтарды. Ал жалпы өндіріп алу талап етілген сома 315 538 теңге болған.
Сот құпиялылығы бойынша оператор нақты аталмағанымен тұрғындар ел аумағында осындай жайттың жиі қайталанатынын біледі және ол кез-келген қызмет көрсетушіге тән болуы мүмкін. Айтпағымыз: осындай жағдайларға қатысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне талап-арыз түсіріп, кез-кеген азамат өз құқықын қорғай алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық