400 фильм және Walt Disney: Қазақтілді медиаконтенттің көкжиегі кеңейеді
Фото: Егемен Қазақстан
«Қазақтелеком» 2025 жылдың соңына дейін қазақ тілінде 400 жаңа фильм мен сериал ұсынбақ. Бұл туралы Orda.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтей отырып, хабарлайды.
Барлығы Контент TV+ платформасында орналастырылады. Бұл платформада қазіргі таңда елдегі ең үлкен қазақтілді видеокітапханада жалпы саны 1 000-нан астам атау бар. Walt Disney компаниясының фильмдері мен мультфильмдері қазақ тіліндегі қосымша тегін ұсынылады.
«Компания бір реттік жобалармен шектелмей, толыққанды қазақтілді цифрлық экожүйе құру бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Біз үшін қазақ тілінің дамуы — стратегиялық бағыт. Ана тіліміз барлық саланы: мәдениетті, экранды, цифрлық кеңістікті қамтуы керек . Біз тек фильмдерді көрсетіп қана қоймай, арманға, құндылықтар мен мәдениетке жол ашамыз. Қазақстандағы әр бала өз тілі, өз дауысы және болашағы маңызды екенін сезінуі тиіс», — деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Қазақтілді контентті насихаттау аясында компания Шымкент қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Лило мен Стич» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырып, шараға 180 бала қатысты.
Көрсетілімге қатысқан балалар үйінің тәрбиешісі қазақ тіліндегі сапалы медиаконтенттің балалар үшін тілдік орта қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті.
«Балалардың кішкентайынан бастап ана тілін естіп, қабылдағаны өте маңызды. Қазақ тіліндегі сапалы контент әлі де жеткіліксіз, сондықтан мультфильмдер мен фильмдердің қазақ тілінде шығуы қажет. Бұл жай ғана ойын-сауық емес, бұл – балаларға мәдениетті, құндылықтарды және өз-өзіне сенімділікті жеткізудің бір жолы. Осы бағытта еңбек етіп жатқан баршаңызға алғысым шексіз – сіздердің еңбектеріңіз өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте маңызды», — деді «Төлеби отбасылық үлгідегі балалар ауылының» тәрбиешісі Гүлнәр Сәрсебаева.
Компания өкілдерінің айтуынша, TV+ платформасындағы қазақтілді контентке деген қызығушылық артып келеді. 2025 жылдың қаңтарында қазақ тілінде фильм көрген пайдаланушылар саны шамамен 35 мың болса, сәуірде бұл көрсеткіш 64 мыңнан асты. Ең танымал қазақтілді фильмдердің қатарында «Бажа 2», «Көңілді шіркейлер», «Мулан. Аңыздың тууы» және «Тыйым» бар.
Қазақстандықтар қазақтілді медиаконтентпен көбірек танысуы үшін «Қазақтелеком» маусым айында арнайы акция жариялады: кез келген адам MAUSYM_25 промокоды арқылы TV+ платформасы жазылымын екі апта бойы тегін пайдалана алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық