40 мың теңге: Алматыда такси жүргізушісін өлтірген екі жасөспірім 12 жылға сотталды
Фото: pixabay.com
Алматыда такси жүргізушісін 40 мың теңге үшін өлтірген екі жасөспірім 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың жазында сотталушылар Г. және Х. пайдакүнемдік ниетпен Шымкент-Алматы бағыты бойынша такси шақыртқан. Соңында олар алдын ала сөз байласу арқылы такси жүргізушісі П.-ны 40 мың теңге көлеміндегі жолақысын төлеуден жалтару мақсатында өлтірген.
Сотталушылар жүргізушіге пышақпен көптеген соққы жасап, оның сол жерде қайтыс болғаны анықталды.
Одан кейін сотталушылар жәбірленушінің көлігін, 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамаған.
Алқабилер сотының үкімімен сотталушылар Г. және Х. қасақана адам өлтіргені үшін (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша) кінәлі деп танылып, әрқайсысына 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық