4 облыста 5 республикалық маңызы бар жолдарды су басты
Фото: Ашық дереккөзден
Республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында қызыл судың тасқыны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтей отырып.
- Абай облысы
"Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз" автожолының 707-941 шақырымы, жеңіл автокөліктер қозғалысына шектеу қойылған. Жолдың 878 және 923 шақырымында диаметрі 1 м болатын бірұңғылы құбыр мен екі қабатты көпір бар.
Жолдың өту мүмкіндігін сақтау мақсатында филиал мамандары жол жиектерін нығайту, қаптарды төсеу және жасанды жағалаулар жасау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа 7 техника қатыстырылған, соның ішінде жүк тиегіштер, самосвалдар және автогрейдерлер бар.
2. Ақтөбе облысы
1) "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 288 шақырымы. Жолдың осы учаскесінде диаметрі 1,5 м болатын бірұңғылы су өткізгіш құбыр бар.
Су тасқынын алдын алу үшін 650 құм салынған қап төселіп, қосымша 480 тонна құм жеткізілді. Су тасқыны салдарын жою үшін 5 жол жұмысшысы және 3 бірлік мамандандырылған техника (МТЗ, тиегіш, Камаз) жұмылдырылды.
2024 жылғы 27 наурызда сағат 20:15-те "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-ырғыз" автожолының 3-92 шақырым учаскесінде авто көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
2) "Самара-Шымкент" автожолының 613 шақырымы. Жолдың осы учаскесінде диаметрі 1,5 м болатын екіұңғылы құбыр бар.
2024 жылғы 28 наурызда сағат 08:40-та Самара-Шымкент жолының 526-618 км учаскесінде жеңіл автокөліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Су тасқынын алдын алу мақсатында 200 құм салынған қап төселіп, қосымша 40 тонна құм әкелінді. 5 адам мен 2 техника қатысты.
Сондай-ақ жол жамылғысын нығайту мақсатында 110 тонна құм мен 450 құм салынған қап әзірленді. Суды ағызу үшін мотопомпа пайдаланылды. 15 адам мен 7 техника жұмылдырылды.
3. Қостанай облысы
"Жезқазған-Петропавл" автожолының 269 шақырымы (Жазғызтал ауылынан 28 шқ).
Жолдың осы учаскесінде диаметрі 2,5х2 м болатын үшұңғылы тюбингті құбыр бар. Көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.
Уақытша жол белгілері мен сигналдық бағаналар орнатылды. Жол төсемін оқшаулау үшін көлемі 150 текше метр болатын инертті материал (ағаш жаңқалары, қиыршық тас) дайындалды. 3 техника мен 9 адам жұмылдырылды.
4. Ұлытау облысы
"Ақшатау-Ортау-Бидайық" автожолының 189 шақырымы (Бидайық ауылы). Жолдың осы учаскесінде диаметрі 70 см болатын бірұңғылы құбыр бар. Көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.
Жылжымалы апаттық жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. 4 техника мен 5 адам жұмылдырылды.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түрлі жұмыстар атқарылып, 610 техника мен 1558 адам жұмыс істеуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық