4 миллиард теңге жоғалтқан салымшылар MyTaxi қызметін ірі алаяқтық ретінде айыптады
Фото: Orda.kz
18 қыркүйек күні Алматы қаласында MyTaxi салымшылары баспасөз мәслихатын өткізіп, 4 миллиард теңгеге алданғандарын айтты. Orda.kz тілшісі мән-жайды біліп қайтты. MyTaxi салымшылары такси қызметін ірі алаяқтық бойынша айыптап отыр. Адамдар әлеуметтік желілердегі жарнамаға сеніп қалған.
4 миллиард теңге жоғалтқан MyTaxi салымшылары
Қазақстандықтар такси қызметін ірі алаяқтықта айыптады. Адамдар әлеуметтік желілердегі жарнамаға сенген, себебі белгілі блогерлер таксопаркті дамытуға инвестиция салуды ұсынған. Олар инвестор болғысы келген әр адам миллион теңгеден кем емес ақша аудара алатыны туралы ақпарат таратқан. Нәтижесінде, салым қаражаты 4 миллиардтан асқан кезде фирма қызметкерлері байланысқа шықпай қойған.
Гүлнұр Топарова өз үйіне қол жеткізуді армандап, оған қажетті қаражатты тезірек жинау үшін инвестиция салуға кіріскен.**
Ол таксопарк туралы жарнаманы әлеуметтік желілерден көргенін айтады. Оның иелері жаңа көлік сатып алу арқылы табыс табуды ұсынған. Компания әр адамға миллионнан кем емес ақша салса, табыс алуға уәде берген. Гүлнұр сеніп, 10 есе көп ақша салған. Ол алғашқы екі жыл жақсы жүріп жатқанын айтады, тіпті дивиденд тғ алған, бірақ төлемдер күтпеген жерден тоқтады.
«Мен алғашқы бір жыл сегіз ай бойы 250 мың теңгеден алып отырдым. Ал келісім-шарт мерзімі аяқталғанда, осы 10 миллион теңгем міндетті түрде қайтарылуы тиіс еді. Мамыр айынан бастап бұл тоқтады. Байланысқа мүлде шықпады. Компанияның негізін қалаушы тарапынан еш жауап болмады. Барлық жоспарым бұзылды. Барлық кінәлілерді MyTaxi ЖШС-іне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймын»,- деді Гүлнұр.
Алаяқтыққа ұшыраған салымшылар инвестициялардан түсетін табыс заңды көрінгенін айтады. Компанияның кеңселері бүкіл елде жұмыс істеген. Келісімшарт жасалып, төлем түбіртегі берілген. Сонымен қатар, бизнесті белсенді түрде блогерлер жарнамалаған. Ал компанияның негізін қалаушы өз жүзін ашық көрсеткен.
“Компанияны және ең алдымен автопаркті дамыту үшін біз жеке инвестор тартамыз. Сіздер өз ақшаңызды көлік сатып алуға саласыздар. Инвестор ретінде сіздер ай сайын инвестициялық табыс аласыздар, бірақ операциялық басқаруға қатыспайсыздар”, деп компания басшылары уәде берген.
Ақырында, 400-ден астам қазақстандық оларға сенім артып, инвестиция салды. Олар алғашқыда компанияның алаяқ екенін бірден түсінбегендерін айтады. Салымшыларға төлемдер бірден тоқтатылыр, Алматы мен Астанадағы кеңселер жылдам жабыла бастағанла ғана күдік туған. Алаяқтыққа ұшырағандар шығынның шамамен 4 миллиард теңге болғанын айтады. Ал, адамдардың шағымына қарамастан компания әлеуметтік желілерде әлі де жұмыс істеп жатыр.
«MyTaxi бүкіл Қазақстанда жұмыс істеді. Қазір барлық кеңселері жабылды, тек Қызылорда қаласында ғана қалды. Біз жақында Қызылордада мопедтерді жалға беріп жатқанын көрдік. Нақты MyTaxi компаниясы енді сол жердегі адамдарды инвестиция салуға тартып жатыр», - дейді Тәңірберген Қалдыбай.
Инвесторлар полицияға шағымданды, бірақ компания басшысын таппады. Салымшылар оның қашып кеткенін айтады. Құқық қорғаушылар әзірге жағдайды түсіндірген жоқ. Үміттері ақталмаған салымшылар кәсіпкерді іздеуге жариялап, өз миллиондарын қайтаруды талап етіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық