4 күн бойы Ресей шекарасында тұрған қазақстандықтар үкіметке үндеу жасады
Фото: gazeta.ru
Қазақстандықтар шекарадағы кезектің кесірінен үш күннен бері елге кіре алмай отыр. Олардың айтуларынша, көбінің қорлары таусылып жатыр. Осы ретте кейбір іскер азаматтар сол жерде кәсіп ашып, нан мен суды жоғары бағамен сатып жатыр.
Орал қаласының тұрғыны Александр отбасымен шекарада төртінші күннен бері кезекте тұрғанын айтты.
— 24 қыркүйекте біз Маштаков өткізу бекетіне дейін бардық. Ал постқа келсек кезек көп. Екі күннен бері кезек әрең алға жылжыды. Тек жүк көліктері жүреді, оларды өткізеді. Біз, қазақстандықтар, өз елімізге орала алмай тұрмыз. Бізбен бірге балаларымыз да бар, біз сияқтылар көп. Барлығымыз жиналып, шекарашыларға бардық, бірақ мәселе шешілмей жатыр, - дейді ер адам.
Ол адамдарды шекарадан өткізетін такси жүргізушілеріне шағым айтты.
— Олар адамдарды осы жерден алып, бірге шекарадан өтіп, қай жерден кеткен болса, сол жерге қайтады. Өйткені, байқасаңыз, дүкендегі «әріптестері» оны сонда күтеді. Осылай жалғаса береді. Такси жүргізушілері шекарадан өткені үшін бір адамнан 6-7 мың рубль (57 мың теңге) алады, - дейді Александр.
Оның айтуынша, Маштаков бекетіндегі кезек 45-50 шақырымға созылған. Көптеген адамдардың азық-түліктері таусылып жатыр. Кейбір «саудагерлер» мұнда кәсіп ашып үлгерген, алайда, оны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді.
— Бір бөлке нан 1500 теңге, судың литрі 700 теңге. Бұл сұмдықтың бір түрі. Сіз оны реттей алмайсыз ба? Қазақстандық шекарашылар бұл такси жүргізушілерді біраз уақытқа дейін кіргізбей немесе билік пен күш құрылымдары қазақтарды кезектен шығаруға келісім берсе болар еді, - дейді ол.
Бұған дейін Ақтау тұрғындары да осындай талап қойған болатын. Олар да шекарадан үйлеріне қарай өте алмай қалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық