4 адамға 19 миллионнан сыйақы: Жамалов жалған айтты ма, сақтандыру қоры не дейді?
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов пандемия кезіндегі халықтың сынына қарамастан, бюджеттен тыс қорлар түк болмағандай, бұрынғы «репертуарына» сай жұмыс істеп жатыр дейді.
ORDA. мәселені анықтап көрді.
Бюджеттен тыс қорларға түскен қаражат 1,8 трлн теңгеден асты
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айналасында үнемі қаржыға қатысты дау туындап жүреді. Бүгін мәжіліс депутаты Жамалов Зейнетақы қоры, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сияқты бюджеттен тыс қорлар парламенттің де, есеп комитетінің де тексеруінен тыс қалып отыр дейді. Сондықтан, ол бюджетке бағынбайтын қорларды біріктіру керек деген ұсынысты қайта көтеріп, бұл істі тездету керек деді.
— 2019 жылы Президент бірыңғай әлеуметтік қор құру арқылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндені бюджеттен тыс қорларды шоғырландыру керек деген еді. Бірақ, 1,5 жыл өтсе де, ол мәселе жылы орнынан қозғалған жоқ, айтылды да ұмытылды. Пандемия кезіндегі қоғамдық пікірге қарамастан, бюджеттен тыс қорлар түк болмағандай жұмыс істеп келеді.
Ал, 2020 жылы бюджеттен тыс қорларға жасалған аударымдар мен салымдар 1,8 трлн теңге болған. Бұл республикалық бюджетке түсетін корпоративті кіріс — салықтан да көп, дейді Аманжан Жамалов.
Аманжан Жамалов осында кіріс түскенмен, бюджеттен тыс қорлардың шығыны Парламент пен Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалып отыр дейді. Ал, олар Жамаловтың айтуынша, миллиардтап шығын жасап жатыр.
— Мысалы, 2019 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 млрд теңгеден асқан. Еңбекақыға 4,4 млрд теңге кеткен. Егер қорда 850 адам бар десек, онда әрбір адам шамамен 434 мың теңге жалақы алған. Бұл – Қазақстандағы орташа жалақыдан екі есе көп, дейді Жамалов.
4 адам бір жыл ішінде 19 милионнан сыйақы алғаны рас па?
Аманжан Жамалов бюджеттен тыс қорлардың миллиардтаған шығыны туралы айта келе, әкімшілік шығын мен жалақыға кеткен ақшадан басқа, 2019 жылы қордың басқарма мүшесіндегі төрт адамға жалпы сомасы 77 млн теңгеге жуық көлемде сыйақы төленгенін айтты.
— Қордың қаржылық есебін зерттесек, онда төрт басқарма мүшесіне жалпы сомасы 77 млн теңгеге сыйақы төленген. Әрқайсысына бөлсек, 19 млн теңге, дейді Жамалов.
ORDA. осы мәлімдеме айтылған мәжіліс отырысынан соң, депутаттың тікелей көмекшісіне хабарласып, депутат осы мәліметтерді қайдан алғанын сұрадық.
— Қордың ресми сайтында «қаржылай есеп» бөлімі бар, сол есепті ашсаңыз, 38-інші бетінде 26-шы пунктің үстінде басқармадағы 4 адамға млн 76,762 мың теңге сыйақы төленді деп жазылған. Біз оны 77 млн теңге деп алдық. Ол есепті кез келген адам көре алады, деді Жамаловтың көмекшісі.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры не дейді?
ORDA. тілшісі міндетті медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі болса, Жамалов жылы бойынша шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып отыр дейді. 2019 жылдың қаржылай есебінде қордың 2018 жылғы шығындары жазылады, яғни, кез келген қаржылай есеп бір жыл артқа салып есептеледі дейді.
Сондықтан, баспасөз қызметінің айтуынша, Қордың басқарма мүшесіндегі қазіргі адамдар ешқашан мұндай сыйақы алмаған дейді. Өйткені, 2018 жылы Қорды мүлде басқа адам басқарған және басқармаға да мүлде басқа адамдар мүше болған дейді.
Анықтама: Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қазіргі басқарма мүшелері:
Төкежанов Болат Тұрғанұлы - Басқарма Төрағасы
Төлебаев Рақымжан Сергович - Басқарма Төрағасының орынбасары
Ақтаева Ләззат Мейрашқызы - Басқарма Төрағасының орынбасары
Байгенжин Арыстан Құрманұлы - Басқарма Төрағасының орынбасары
Бақтыбаева Ботакөз Маташқызы - Басқарма Төрағасының орынбасары
Ал, дәл Аманжан Жамаловтың мәлімдемесіне қатысты шұғыл жауап дайындаған қордың баспасөз қызметі депутат айтқан сома расымен төрт адамға төленгенін растады. Бірақ, 19 млн дегеніміз тек сыйақы емес, жалақы, демалысқа төленетін қаражат сияқты шығындарды қоса алғандағы сома дейді.
— Медициналық сақтандыру қоры басқарушы қызметкерлерге сыйақы төлеу туралы түсінік береді: Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылғы қаржылық есептілікте Басқарма Төрағасы мен оның орынбасарлары құрамындағы басқарушы персоналға сыйақы үшін төленген 76 млн 762 мың теңге сомасындағы шығыстар көрсетілгенін хабарлайды (4 адам).
Бұл шығыстарға 2019 жылғы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жалақы, төленетін демалыс, сыйлықақы, еңбекке жарамсыздық төлемдері кіретіні туралы айта кету керек.
Бұл ретте төленген сыйақылар ҚР Үкіметінің 02.12.2014 жылғы № 1266 қаулысымен белгіленген мөлшерден аспайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ӘМСҚ сайтында және ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет ресурсында ресми жариялануға жататын қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізетінін естеріңізге саламыз, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Қалай есептесек те, бір жылдағы жалақысын, демалысқа төленетін ақы мен сыйақыны, ауырған кезде төленетін қаражатты бір жылдағы 12 айға бөлсек, басқарма мүшелерінің бір айдағы орташа табысы 1,5 млн теңгеге тең болып тұр.
Күнімжан Айдаркызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық