38 адам көз жұмған апат: Ақтаудағы AZAL ұшағына сырттан шабуыл болғаны мәлім болды
Фото: Orda.kz
Алдын ала тергеу нәтижелері Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZALұшағына сырттан шабуыл болғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы батыс өңіріндегі Report бюросына AZAL вице-президенті Ильхам Амиров Самух ауданында Ұлттық қаһарман Хокюма Алиеваның туған күніне арналған іс-шарада мәлімдеді.
Оның айтуынша, апатқа ұшыраған әуе кемесінің бүкіл экипажы, соның ішінде Хокюма Алиева, ерлік көрсеткен:
«Бүгін туған күнін атап отырған Ұлттық қаһарман Хокюма Алиева шынымен де үлкен ерлік көрсетті. Әуеде AZAL жолаушылар ұшағы қатты зақымданғанына қарамастан, экипаж әуе кемесін мүмкін болған ең аз шығынмен басқарды. Басқару жүйесі бұзылған ұшақты 1 сағат 10 минут бойы әуеде ұстап тұру – бұл жоғары кәсіби шеберліктің көрінісі. Сондықтан экипаж мүшелерінің ерлігі ерекше мойындауға лайық. Ұшақ апатын тергеу жалғасып жатыр. Алайда тергеу жүргізіп жатқан комиссияның алдын ала қорытындылары әуе кемесінің жұмысына сырттан шабуыл болғанын растады», – деді ол.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку–Грозный бағытындағы Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласына жақын маңда құлаған еді. Ұшақ бортында 62 жолаушы болған: 37 – Әзербайжан, 16 – Ресей, 6 – Қазақстан, 3 – Қырғызстан азаматы және бес экипаж мүшесі. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, оның ішінде үш бала бар 29 адам тірі қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық