37 қазақстандық Эйр Астанамен Израильден кете алмады - компания басқа жол іздеуде
Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, Тель-Авивтен тоқтатылған соңғы рейсте 138 жолаушы болуы керек еді, оның 37-сі қазақстандық. Қазір компания қазақстандықтарды қалай елге қайтарудың жолын қарастыруда.
«КС650 Тель-Авив-Алматы рейсі тоқтатылған рейске 138 жолаушы брондалған, оның 37-сі қазақстандық. 7 отандасымыз «Эйр Астана» әуекомпаниясының интерлайн серіктесі рейсіне қайта жазылды, 19 адам билет құнын толық қайтаруды таңдап, 3 жолаушы әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ» деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, тоқтатылған Алматы-Тель-Авив рейсі бойынша ұшатын шетелдік жолаушылар да назардан тыс қалмады: жолаушылардың қалауы бойынша Түркия мен Грузияға балама рейс берілді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген барлық қазақстандықтармен үздіксіз байланыс бар екенін хабарлайды. Елшіліктің сенім телефоны ашылды, олардың отанына оралуына одан әрі көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі жасалуда.
Қиындыққа тап болған қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігімен WhatsApp чаты арқылы кеңес пен қолдау ала алады. Сондай-ақ, авиакомпания Израильге келетін/ кететін рейстерге қатысты сұрақтарға орай тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонын ашты: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанға рейстің тоқтатылуына байланысты ұша алмай қалған қазақстандықтар наразылықтарын білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық