«305 млн теңге»: Жамбыл облысында аяқталмаған жолға қомақты қаражат аударылған
Фото: freepik.com
Жамбыл облысындағы аудандардың бірінде жол жөндеу жұмыстары толық аяқталмаса да, әкімдер мердігерлерге қомақты қаржы аударған, деп хабарлайды Orda.kz.
24.KZ телеарнасының мәліметінше, Меркі ауданындағы кейбір ауыл әкімдері аяқталмаған жол жөндеу жұмыстары үшін мердігерлерге 305 миллион теңге аударған.
Меркі ауданы Ақарал ауылының тұрғындары жол құрылысы кезінде техникалық талаптар сақталмағанын алға тартады. Алғашында тар жол төсеген мердігер тұрғындардың шағымынан кейін оны кеңейтпек болғанымен, арнайы техника жетіспеген. Меркі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыс жоспарға сай жүріп жатқанын, кемшіліктер анықталса, қателіктер бойынша жұмыс істейтінін айтты.
«Жұмыс сапалы орындалды деп айта алмаймыз. Белгілі бір кемшіліктер бар. Ауыл әкімімен сөйлестім, ол мердігерлер барлық техниканы дайындап қойғанын айтты. Олар асфальт төсегіш таба алмай жатыр. Тапқан бойда бірер күнде барлық кемшілікті түзетеміз деп уәде берді», - дейді Меркі аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Ақек.
Тұрғындар Ақарал ауылындағы жолдарды асфальттау жұмыстары әлі аяқталмағанымен, мердігер компанияға төлем аударылғанына наразы.
«Ауылішілік жолдарды асфальттау жұмыстары мерзімі әлі аяқталмағандықтан, барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелін жедел анықтап, кемшіліктерді жою бойынша арнайы ұсыныс жолдадық. Барлық жол осы күйінде қолданысқа берілсе, ауыл әкімдері қылмыстық жауапкершілікке тартылар еді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Қайрат Бәйгебаев.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады