300 мың адам зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алды
БЖЗҚ-ның хабарлауынша, 300 мыңға жуық қазақстандық мерзімінен бұрын бір реттік зейнетақы төлеу құқығын пайдаланды.
Бұл туралы Orda.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлады.
25 мамырдағы жағдай бойынша 288 мың салымшы зейнетақы жинақтарын өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жұмсады. БЖЗҚ қазақстандықтардың банктерде - уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына 1,3 трлн теңге аударды. Бір реттік зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 4,7 млн теңгеден асты.
Өтініштердің көп бөлігі Маңғыстау облысы, Алматы, Нұр-Сұлтан тұрғындарынан түскен. Алынған зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көшбасшы Маңғыстау облысы – 346 млн теңге, Алматы – 261 млрд теңге, Нұр-Сұлтанда – 174 млрд теңге.
БЖЗҚ қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш арқылы және басқа да себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланбауына байланысты салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 132,5 млрд теңге қайтарылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, 6 мыңға жуық қазақстандық емделу үшін зейнетақы қорын пайдаланды. Осы мақсаттарға қаражат алудың орташа мөлшері шамамен 1 млн теңге болды.
1415 қазақстандық жеке инвестициялық қорларға 3,2 млрд аударым жасады. Орташа аударым сомасы шамамен 2,3 млн теңге.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт инвестициялық портфельдің менеджерімен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы келісім жасады.
2021 жылғы сәуірдің соңында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 12,6 трлн теңгені (29,5 млрд доллар) құрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық