300 келiге жуық есірткі затын сақтаған шетел азаматы ұсталды
2022 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысы ПД және ҰҚКД бірлескен жұмыстары нәтижесінде есірткі өткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді.
Операция барысында Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматы облыс аумағында екі жүз келiден астам түрлі есірткі заттарымен ұсталды.
Ұсталған азаматтың Меркі ауданындағы тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 231 келi 916 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затының 19 қапшығы және салмағы 2 келi 300 грамм «гашиш» есірткі заты табылды, сондай-ақ өсімдік затын ұнтақтауға арналған 2 елеуiш пен арнайы аппарат тәркіленді.

Күдікті кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген» деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық