300-ге жуық қылмыскерлер ұсталды
Фото: Polisia.kz
Екі күн ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Polisia.kz мәліметінше ішкі істер министрлігі із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-алдын алу шарасын жүргізді.
280 қылмыскердің ішінде:
- – кісі өлтіргені үшін – 9;
- – денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 4;
- – қарақшылық шабуылдар үшін – 5;
- – тонау үшін – 7;
- – есірткі қылмысы үшін – 19.
Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.
Арменияның Ноемберян ауданы аумағында 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол қыркүйек айының соңында Петропавлда қала тұрғынына пышақ жарақатын салып, өміріне қастандық жасады.
Павлодар облысы полициясының жедел-іздестіру тобы Ресей Федерациясының Орел қаласында 42 жастағы қазақстандықты ұстады. Қаскөй 2017 жылы өңірлік ЖШС-нің біріне дизель отынын жеткізуге уәде беріп, 50 млн теңгесін алып кеткен.
Алматы полициясы Ташкент облысының МІІБ-мен іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Әйел 2015 жылдың мамыр айында өзінің кәмелетке толмаған қызын өлтірген.
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Германияның Нюрнберг қаласында еліміздің 42 жастағы азаматы ұсталды. Ол наурыз айының соңында астық жеткізуге уәде беріп, Павлодарда шетелдіктің 244 мың АҚШ долларын жымқырған.
Абай облысының ПД қызметкерлері іздеуде жүрген семейлік тұрғындарды қалада құрықтады. Олар 2021 жылы ҰҚТ көмегімен металл зауытынан құрамында алтыны бар материал ұрлаған.
Жаңалықтар
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты