30 зейнеткер «елпілдек қамқоршы» алматылықтың құрбаны болды
38 жастағы ер адам егде жастағы әйелдерге ауыр сөмкелерін алып жүруді ұсынған, бірақ содан кейін зейнеткерлер ұялы телефондары, ақшалары мен басқа да бағалы заттарынан айырылып, сан соғып қалып отырған.
Алматыда полицейлер зейнеткерлерге көмектесемін деген желеумен оларды тонап жүрген 38 жастағы ер адамды ұстады. Ол негізінен әмияндар мен ұялы телефондарды қағып кетіп отырған.
«Ол ерекше тәсілмен тек зейнеткерлік жастағы құрбандарды қолға түсіріп отырған. Қоғамдық орындарда, атап айтқанда, базарларда, тұрғын үйлердің аулаларында ауыр сөмкелер мен үлкен пакеттермен жүретін егде жастағы адамдарды бақылайды. Әдепті, сыпайы адам сияқты әсер қалдырған ол әжелермен әңгімеге кірісіп, сөмкелерді пәтерге жеткізуге көмектесуді ұсынған. Қарт адамдар келісіп, артынша ақша, әмиян немесе ұялы телефондары ұрланғанын білген» деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
«Қамқоршы» ұры арам пиғылын Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарында жиі жүзеге асырған болып шықты. Оның бұрын да ұрлық үшін сотталғаны белгілі болды, енді «елпілдек» көмекші тағы да сол бап бойынша қамалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық