«30 миллиондық таңғы ас»: Бейбіт Атамқұловтың ұлы ірі қарыз үшін бизнесменмен соттасты
Коллаж: Orda.kz
Астананың ауданаралық сотында ҚР бұрынғы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың аты аталған іс қаралды. Оның ұлы Диас Атамқұлов бизнесменге берген қомақты қарызын қайтармақ болды. Бұл істің қалай аяқталғанын Orda.kz хабарлайды.
Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында Диас Атамқұлов кәсіпкер Азат Мұхитовқа 30 миллион теңге қарыз берген. Алайда Мұхитов белгіленген мерзімде қарызын қайтармаған, соған қарағанда, қарыз берген адамды үнемі «уәдемен тойдырып» жүрген сыңайлы. Біршама уақыт өткен соң кіші Атамқұлов сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
«Талапкер қарызын 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін қайтаруды талап еткен. ҚР Азаматтық кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес, қарыз алушы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде қарыз затын қайтаруға міндетті. Егер шартта өзгеше белгіленбесе, қарыз заты оны қарыз берушіге беру немесе тиісті ақшаны оның банк шотына аудару сәтінен бастап қайтарылған деп есептеледі. (…) Қарызды қайтару жөнінде дәлелдер болмағандықтан, талап қою толық қанағаттандырылуға жатады» деп жазылған сот шешімінде.
Бұрынғы министрдің ұлы тек негізгі қарызды қайтаруды ғана емес, сонымен қатар 579 600 теңге көлемінде айыппұл өндіріп алуды да талап еткен – бұл 46 күн мерзімін өткізіп алғаны үшін қарыздың 15,25%-ы.
Сот Диас Атамқұловтың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды және кәсіпкерді мемлекеттік баж түріндегі шығындарды, яғни 305 796 теңге төлеуге міндеттеді.
Айта кетейік, Диас Атамқұлов – бұрынғы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың үлкен ұлы ретінде ғана емес, 2013 жылы Малайзияның Саравак штатының премьер-министрі Пехин Шри Хаджи Абдулла Таиб Махмудтың жиені Алиия Наташа Генейдпен дүркіреп өткен үйлену тойының арқасында да есте қалған.

Фото: keehuachee.blogspot.com
Азиялық таблоидтар бұл үйлену тойының суреттерін жарыса жариялап, оны жылдың басты оқиғасы деп атады. Той екі қалада – Куала-Лумпур мен Алматыда атап өтілген. Қонақтардың арасында Малайзия мен Қазақстанның белгілі және ықпалды өкілдері, сондай-ақ шетелдік елшілер де болған.

Фото: keehuachee.blogspot.com
Диас Атамқұлов 32 жаста. Ол бизнеспен айналысады. Ашық деректерге сәйкес, оның атына «ATA корпорациясы» ЖШС тіркелген, негізгі қызмет түрі – көтерме сауда. Бұдан бөлек, әйелімен, қайын енесімен және туған нағашысымен бірге «Диалиа Глобал» ЖШС-нің де иесі, ол жарнама агенттігі ретінде тіркелген. Сонымен қатар Диас Атамқұлов Қазақстандағы Құрметті консулдар қоғамының мүшесі.
Фото: keehuachee.blogspot.com
Ал оның әкесі – Бейбіт Атамқұлов дипломатиялық қызметте ұзақ жыл еңбек еткен, Қазақстан атынан әртүрлі елдерде, соның ішінде Малайзияда жұмыс істеген. 2016 жылы ол Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының әкімі болып тағайындалды. Кейінгі жылдары қатарынан үш министрлікті басқарды: Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Қазір Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарады.

Бейбіт Атамқұлов халықаралық журналистік зерттеу – «Жұмақ құжаттарында» (Paradise Papers) аталған тұлғалардың қатарында болған. 2017 жылы оның атына 1998 жылы құрылған және жүзім өсіруші мен шарап сатушы ретінде тіркелген мальталық Centraz Finance Ltd. компаниясы тіркелгені белгілі болды.
Жаңалықтар
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр