30 мамырға ауа райы болжамы: бұршақ, найзағай, бұрқасын
Фото: Pinterest
30 мамырда елдің сегіз облысында дауылды ескерту жарияланады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, тау асуларында 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан соғатын жел батыста, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында және солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Жалаңашкөл ауданында 17-22, екпіні 24-29 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел батыста, солтүстік-шығыста, облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавлда күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық