30-дан асқан еркектің небары 11 жасар қыздарға жазған хаттарына қатысты Зәкиева пікір білдірді
Коллаж: Orda.kz
Блогер Құлпынай Қалменова мен Қолғанат Жұмабаев отбасының төңірегінде жанжал әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Бірнеше күн бұрын Қалменова күйеуін педофил деп атап, оның 10-11 жасар қыздармен жазысқан күмәнді хат алмасуларының скриншоттарын көрсеткенін Orda.kz жазған болатын.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасында Құлпынай Қалменованың күйеуінің 10-11 жастағы балалармен хат алмасуы және орынсыз әрекеттері туралы мәліметіне қатысты пікірін білдіріді.
«Осы жағдайға байланысты кеше заңгер мен қоса Құлпынаймен байланысқа шықтық. Біз қалалық прокуратурамен бірге процессуалдық шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Балалардың құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдармен бірлесіп барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», – деп мәлімдеді балалар омбудсмені 11 қаңтарда.
Сонымен қатар, Зәкиева қазақстандық ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырды.
«Әрдайым баланың кіммен сөйлесетінін бақылап, әлеуметтік желілердегі қауіптер мен тәуекелдер туралы айтып отыру керек. Сондай-ақ, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерде енгізілген қауіпсіздік сабақтарында қаралатын тақырыптарды талқылаған жөн. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты күмәнді жағдайлар туралы 102 немесе 111 нөміріне хабарлау қажет» деп жазылған жазбада.
Зәкиева 2024 жылы әйелдер құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін қорғау туралы заңға «16 жасқа толмағандарға сексуалдық сипаттағы тиіспеушілік» атты жаңа қылмыстық бап енгізілгенін еске салды. Оның мәліметінше, осы бап бойынша маусым айынан бері 33 қылмыстық іс тіркелген.
Құлпынай Қалменованың айтуынша, қыздардың аналары оған қарсы полицияға арыз жазған. Қолғанат Жұмабаев та әйеліне жала жабу бойынша арыз беруге ниетті екенін мәлімдеді. Ол балалармен сөйлескенде ешқандай арам ойы болмағанын және қыздардың оған барбершопта көмектескенін айтты.
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек барлық фактілердің тексеріліп жатқанын хабарлады. Әзірбектің айтуынша, заңға қайшы әрекеттердің ең төмен белгісі анықталған жағдайда да тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады. Оған қылмыстық іс қозғау және тиісті сараптамаларды тағайындау кіреді.
30 асқан Қолғанат Жұмабаевтың небары 11 жасар қыздарға қандай сипаттағы хаттар жазғанын мына материалдан толық оқып біле аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық