«3-топтағы мүгедек атанды»: Жоғары сот әйелін сабаған еркектің жазасын өзгеріссіз қалдырды
Фото: Advokatzhanna
13 қыркүйекте Ақмола облыстық сотының шешімімен Алтынай Нұрсұлтанованы мүгедек еткен бұрынғы жұбайы, Әсет Аюпов қатаң режимде қалатын болды, деп хабарлады Orda.kz.
Еске сала кетсек, Зеренді аудандық соты 12 шілдеде айыптыны күндіз еркіндікке жіберіп, түнде қамайтын жеңіл жазаға ауыстырмақ болған еді.
Облыстық сот бұл шешімді қайта қарап, оны сол түрмеде ұстай беру керек деген шешім қабылдады.
Адвокат Жанна Оразбақова сот шешіміне айтарлықтай қарсылығын білдірген болатын:
«Алтынай ұзақ уақыт бойы емделуі керек. Қалпына келу үшін жасайтын алда тағы екі күрделі операциясы бар. Балалар ауыр психологиялық жарақат алды, бұл оқиға олардың көз алдында болды. Кешірім сұраудың орнына, сотталған адам жағдайды одан әрі ұшықтырып жіберді. Оның жәбірленушіге және оның шағымдарына жасаған айыптаулары қорқынышты. Егер біздің шағымымыз болмағанда, ол қазір бостандықта тайраңдап жүрер еді», — деді Жанна Оразбақова.
Оның соққысынан Алтынай үшінші топтағы мүгедек атанды. Ал Әсет Аюпов 6,8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Егер жақында қабылданған жазаны жеңілдету туралы соттың шешімі күшіне енсе, қол жұмсағыш күйеу түнде ғана колонияда қалып, күндіз қалыпты өмір сүре беруші еді.
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады