3 күнде 9 050 жол жүру ережесі бұзылған
Өткен аптада Қазақстан аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
«Іс-шараның мақсаты – жолаушылар көлігінің қатысуымен орын алатын жол апатын азайту, сонымен қатар жүргізушілердің жолаушы тасымалдау ережесін сақтауына бақылауды күшейту. Полиция көліктік бақылау қызметкерлерімен бірге жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындары мен кәсіпкерлерді тексерді. Автобустардың техникалық жай-күйі мен жүргізушілердің жол ережесін сақтауына ерекше назар аударылды», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, шара өткізілген 3 күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 9050 жол жүрісі ережесінің бұзылуы анықталды. Олар:
- автобусты мас күйде басқарудың - 11;
- жолдың қарсы бетіне шығып кетудің - 14;
- маневр жасау ережесін бұзудың 1 606 фактісі;
- жылдамдықты белгіленген шектен асырғаны үшін жауапкершілікке - 258 жүргізуші;
- автобусты заңсыз қайта жабдықтаудың - 262;
- рейске шығар алдында тексеруден өтпеудің - 146;
- техникалық тексеруден өтпеудің - 747;
автобус жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесудің - 1 610 фактісі әшкереленді.
«Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 120 фактісі анықталды. Автобус парктерінің 158 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз 52 көлік тұрағы жабылды», - деді Серік Түсіпов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық