3 адамды өлтіріп, 10 жылға сотталған адам неге Esentai Mall-да қыдырып жүр?
Фото: Ильяс Кар II Отбасылық мұрағаттан
Алматыда 3 адамның қазасына себепші болып, 10 жылға сотталған ер адамның Esentai Mall сауда орталығында қыдырып жүргенінің әлеуметтік желіде тарап кетуіне қатысты қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталған Ілияс Кардың Esentai Mall-да жүргені жайлы ақпаратқа қатысты комитет мәліметінше, Кар жазасын колония-қоныста өтеп жатыр екен. Заңға сәйкес мұндай мекемеде отырғандарға жұмысқа орналасу, ем алу немесе демалыс кезінде мекемеден шығуға рұқсат берілген.
Сонымен қатар, сотталушының демалыс кезінде ішкі істер органдарының бақылауында болғанын, ал қазір қайтадан мекемеге оралғанын айтты комитет.
«Сотталушының жеке өтініші негізінде оған мекемеден тыс жерге шығуға рұқсатпен демалыс берілді. Демалыс кезінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілмеді», – деді ҚАЖ.
Қаза тапқандардың туысы Ілияс Кардың Esentai Mall-да еркін жүргенін айтып, жазба жариялады.
Айта кетейік, Ілияс Кар мас кезінде 2018 жылдың 29 желтоқсанында Алматыда Mercedes Gelandewagen көлігімен Mitsubishi Galant-қа соғылып, қайғылы апатқа себепші болды. Садарынан Mitsubishi көлігінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жансақтау бөліміне түскен.
Сот оны қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі «екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалыс ережелерін бұзу» бойынша 10 жылға бас бостандығынан, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сондай-ақ 347-бап «жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету» бойынша қосымша 2 жылға сотталды. Ол жазаасын Таразда өтеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық