28 жастағы әйел мүгедек кісіні қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жанды қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Белгілі болғандай, келіншек ер адамды Өскеменнен алдап әкелген.
Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
«Көкшетауда тұратын әйел 60 жастағы мүмкіндігі шектеулі адамды Өскеменнен алдап әкелген. Сөйтіп, 2021 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін күн сайын 8-9 сағат орталық базарға апарып, қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген. Түскен ақшаның бәрін өзіне алып отырған» дейді Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы «Пайда табу мақсатында адамды бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша тергеліп жатыр.
28 жастағы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық