26 мамырға ауа райы болжамы: қатты аптап ыстық пен екі градусқа дейін аяз
Фото: ашық дереккөзден
Синоптиктер 26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда найзағай ойнап, жел күшейіп, қатты жаңбыр, бұршақ жауады, екі градусқа дейін аяз болады, сондай-ақ қатты аптап ыстық күтіледі.
«Екатеринбург облысынан шыққан циклон Қазақстан аумағы бойынша қозғалуын жалғастыруда және республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста – найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. Батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде екі градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады» делінген Қазгидромет хабарламасында.
Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай, көктайғақ, солтүстікте, батыста – шаңды дауыл, солтүстікте, батыста, таулы аймақтарда желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз – найзағай ойнайды, найзағай кезінде – жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде оңтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста, Маңғыстау облысының орталығында – найзағай ойнайды, түнде және таңертең батыста – тұман.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстік жартысында – найзағай, бұршақ, бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында – найзағай, көктайғақ, бұршақ, шаңды дауыл, күндіз желдің күшеюі 15-20, оңтүстік-батысында екпіні 25 м/ с.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында – найзағай, бұршақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысында, Жамбыл облысының солтүстігінде қатты ыстық күтіледі;
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында топырақ бетінде екі градусқа дейін аяз күтіледі.
Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтар
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады
- Қазақстандағы қылмыстық криптоағындарға соққы: 9,7 млн USDT бұғатталды
- Жамбыл облысында 28 этнос өкілдері қауіпсіздік жолында қызмет етіп жүр
- Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз
- 12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
- «Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды