Республика бойынша жазғы мектептер жұмыс істейді
Жазғы мектепке балалар ата-аналарының қалауы бойынша қабылданады. Мұғалімдер жұмысына ақы төлеуге қосымша қаражат бөлінбейді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Қазақстанда оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 26 мамыр мен 19 маусым аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін барлық білім беру ұйымдарында жазғы мектептер ұйымдастырылады, - деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оқушылар жазғы мектепке ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері бойынша қабылданады. Жазғы мектеп ақысыз. Сабақтар үлгерімі төмен оқушыларға назар аудара отырып, ұйымдастырылатын болады.
Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өткізіледі. Оқушыларға үйге тапсырма берілмейді. Мектепте тегін оқуға болады.
Жазғы мектепті ұйымдастыру мұғалімдерге сабақ беру үшін қосымша қаржыландыруды қажет етпейді, ақы төлеу ағымдағы оқу жылына бекітілген оқу жүктемесімен қамтамасыз етіледі. Мұғалімдер 19 маусымнан кейін демалысқа шыға алады.
– Бұл ерікті. Іс-шара қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Қаражаттың барлығы қазірдің өзінде қамтамасыз етілген. 56 күндік демалыс беріледі, ешқандай проблемалар болмайды. Барлық жұмыс заңнамалық негізде ұйымдастырылады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, пандемияның салдарын елемей жаңа оқу жылына стандарт бойынша көшуге болмайды. Нашар оқитын балаларға көп көңіл бөлу керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық