26-30 сәуірге кино шолу: пандемия кезіндегі киноның жағдайы
Бәріміз білетіндей пандемия салдарынан көптеген салалар шығынға батты, оның бірі – отандық киноиндустрия. 2020 жылдың наурызынан бастап көрермендер назарына ұсынылған фильмдердің саны едәуір азайды.
Orda.kz редакциясы жағдайдың қиындығына қарамастан өз оқырманына апталық кино шолуды ұсынады.
Кино шолу отандық 3 үздік туындыны қамтиды:
Synyptas

Synyptas (Сыныптас) – 2020 жылы қарашада YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан хикаяның бүгінде тек 8 бөлімі шыққан. Ол бүгінде 400 мыңға жуық өзінің тұрақты аудиториясын жинаған. Хикаяның жаңа бөлімдері әр түрлі уақытта шығады. Мысалыға, 7 бөлім 6 сәуірде шықса, кино сүйер қауым 8 бөлімді көру үшін 20 шақты күн күткен. Әр бөлімнің хронометражы шамамен 15 минут. Жанры – комедия.
Сипаттамасы: А сыныбы мен Б сыныбы арасындағы бітпейтін жанжал. Мектепті кім басқарады? Мектеп кездері мен оның қызығын еске түсірем деушілерге арналған хикая.
Достучаться до мужчин

Достучаться до мужчин – үлкен экранда 2021 жылдың 6 наурызда көрермен назарына ұсынылды. 1,5 айға жуық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр. Жанры – комедия.
Сипаттамасы: Төрт жақын құрбы мектептен бері дос. Қазір олар 35 жаста және әрқайсысы өз тағдырларын тапқан. Әсел - үй шаруасындағы әйел, үш баланың анасы. Дамира – мансапқор, республикалық телеарнада тележүргізуші болып жұмыс жасайды. Аружан - полиция сержанты, жалғызбасты, өйткені ер адамдар оны әйел құрлы көрмейді, әріптестері оны «еркекшора» дейді. Аля - банкир, табиғаты нәзік, креативті адам, жұмыста ол өзін қажетсіз сезінеді. Қыздар ай сайын өздерінің сүйікті кафесінде кездесіп, жаңалықтарымен бөлісіп, күнделікті әңгімелесіп, өздерінің қиындықтарына қарамастан берік байланыс пен достықты қолдайды. Бәрі жақсы болар еді, бірақ бір сәтте әйелдердің жеке өмірлерінде дағдарыс басталады. Олардың келесі кездесуі шытырман оқиғаға айналады: қыздар Түркияда оянады. Шетелге қалай келгендерін ешқайсысы есіне түсіре алмады...
18 килогерц

18 килогерц – 2020 жылы түсірілген туынды. Әлемдегі премьерасы 2020 жылы 11 қазанда өтті. Ал қазақстандық көрерменге 2021 жылы 18 ақпанда ұсынылды. Тоқсаныншы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің оқиғасы. Бүгінгі күнге дейін жиырма жылдан астам уақыт өтті, бірақ барлығы қаншалықты өзгерді? Фильмнің хронометражы – 1 сағат 22 минут. Жанры – драма.
«18 килогерц» фильмі Мәскеудегі Халықаралық кинофестивальде «Жас және әдемі» («Молодые и красивые») конкурсынан тыс бағдарламасында көрсетіледі. Көрсетілім 28-29 сәуірде өтті.
Мәскеу кинофестивалі 22 сәуірде Тимур Бекмамбетовтың кеңестік ұшқыш Михаил Девятаевтың ерлігі туралы фильмінің көрсетілімімен ашылды. Негізгі байқау бағдарламасына Жапония, Испания, Греция және басқа елдерден 13 фильм кірді.
Сипаттамасы: 18 килогерц - бұл ересектер ести алмайтын дыбыстың жиілігі. Фильм тоқсаныншы жылдардың аяғында Алматыда героиннің өршуі кезінде Қазақстандағы жасөспірімдермен болған шындықтар туралы баяндайды. Бұл оқиға баланың отбасынан алыстауына әкелетін жанжалдың көптеген қырларының бірін ашады. Жасөспірімді суық бетонды қала көшелерінің романтикасы үшін үйіндегі жайлылық пен жылулықты өзгертуге не мәжбүр етеді?
Еске салсақ, фильм Азиядағы ең ірі кинофестиваль Пусан халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Азия киносындағы терезе» («Окно в азиатское кино») бағдарламасында көрсетілді.
Қазақстандық фильм Варшава кинофестивалі тарихында бірінші рет бас жүлдені иеленді.
Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде фильм үздік деп танылды. Картина Жастар фильмдері байқауының конкурстық бағдарламасында ұсынылды.
Orda.kz редакциясы оқырмандарына көптеген фильмдердің қашан жарыққа шығатыны әлі де белгісіз болып тұрғанын еске салғымыз келеді. Алайда редакция сүйікті оқырмандарына апта сайын кино шолу жасап, фильм мен көрермен арасында байланыс орнатуға барынша ат салысады.
Көрілім көңіліңізден шықсын!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық