250-ден астам оқушы халықаралық олимпиадаларда жүлде алды
Жыл басынан бері Қазақстанның 250-ден астам оқушысы халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
«Ағымдағы жылдың басынан бері негізгі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда 252 қазақстандық оқушы жүлдегер атанды. Жас дарындар ел қазынасына 45 алтын, 78 күміс және 129 қола медаль әкелді» делінген сенбі күні таратқан хабарламада.
«Біржолғы сыйақыны мектеп оқушыларын зияткерлік сайысқа дайындаған мұғалімдер де алады» деп толықтырды Білім министрлігі.
Балалар халықаралық қашықтықтағы Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы, математикадан Балқан олимпиадасы, химиядан оқушыларға арналған халықаралық Менделеев олимпиадасы, Азия олимпиадасы (OlympiadOlympiades of Philadelphia), математика, физика және информатикадан халықаралық Жәутіков олимпиадасы сияқты беделді құрлықтық олимпиадаларда Қазақстанды табысты таныстырды.
— Биылғы жылы халықаралық пәндік олимпиадаға қатысушылар саны 600 оқушыға артты. 27 оқушы өткен жылдардың рекордын жаңартып, ең беделді жеті халықаралық олимпиадада – IMO, IPhO, IBO, IOL, IchO және т.б. жеңімпаз атанды. Қатысу тарихында алғаш рет осы олимпиада жеңімпаздары 73 миллион теңгеден астам сыйлыққа ие болды, сонымен қатар оларға отандық жоғары оқу орындарында оқуға гранттар берілді. Келесі жылы балаларға осындай қолдау көрсетілетін олимпиадалардың тізімі жетіден 14-ке дейін артады, - деді орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Алтын медаль алған оқушыға 1500 ең төменгі есептік көрсеткіш (АЕК), күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы берілетіні атап өтілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық