Альберт Линдердің бауыры спортшы туралы шындықты айтты
Альберт Линдердің інісі Семен Instagram-да үндеу жасап, суицидке не себеп болуы мүмкін екені туралы айтты.
Бұл туралы Orda.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Бауырым, сен менің жүрегімде мәңгі сақталасың. Бұл біздің ортақ медальдар. Біздің балалық шағымыз, спорттық мансабымыз бірге өтті. Ол маған аға ғана болып қоймай, әкемнің орнын басты. Менің ағам мені үнемі жігерлендіріп, мықты болуға және ең бастысы адал болуға үйретті.
– Менің ағам ауыр атлетикамен «өмір сүрді», бұл спортты бәрінен де жақсы көрді. Өзінің өмірін толығымен спортқа арнады, арманы мен мақсаты болатын. Ол өз елінің патриоты ретінде Қазақстан туын мақтанышпен көтерді! Ешкімді алдамаған, әрқашан бәріне көмектесіп, көп жақсылық жасаған, - деп жазды Семен Линдер.
Оның айтуынша, ағасының өзіне қол жұмсауы мүмкін емес.
– Жыл бойы біз оқу-жаттығу лагерінде жүргенімізде ол депрессияға түсті, спортты жақсы көретін жігіт бұзылды. Ол қиналды, 5 күн тамақ ішпеді, - деді Семен.
Жаттықтырушының ақшаға құныққан адам екенін айтқан Семен, одан көптеген адамдар задап шеккенін жеткізді.
– Жаттықтырушы ешқашан спортшымен кеңеспеген. Бұл бала кезімізден бізге көп жағымсыз істер жасаған Некоч! Оны адамдардың көбі біледі. Жаттықтырушының бір ғана мақсаты бар – бұл ақша, - деп айтты Семен Линдер.
Қайтыс болған спортшының бауыры бұл мәселенің назардан тыс қалмауын сұрады.
– Бұл мәселе назардан тыс қалмайды деп сенемін. Кінәлі адам ҚР заңымен жазалануы керек. Ал медаль әкелгенде қуанғандардың бәрі қайда? Мен ағасыз қалдым. Мен енді ешқандай құны жоқ медальдарды жерге көмдім, - деді Альберттің інісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық