«25 адам көз жұмды»: Теміржол вокзалында жарылыс болды
Фото: Envento
Пәкістанның Кветта қаласында теміржол вокзалында жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға салдарынан 25 адам қаза тапты. 50-ден астам адам жараланған. Полицияның мәліметінше, жарылыс вагондарға адам көп жиналып, пойыз жүрейін деп жатқанда болған. Қазір вокзалдың жұмысы уақытша тоқтады.
«Жарылыс теміржол вокзалында Пешаварға баратын пойыз таңғы сағат 9.00-де жолға шықпақ болған кезде болған, дегенмен сол сәтте пойыз әлі платформаға келіп үлгермеген» делінген полиция хабарламасында.
Жарылысты «Белуджистан азат ету армиясының» содырлары өз мойнына алды. Сепаратистік топ көптеген елде террористік ұйым ретінде танылған.
«Жарылыстан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Жарылыстың негізгі нысанасы жаяу әскер училищесінің сарбаздары болған», - деді Белуджистан полициясының бас инспекторы Муззам Джа Аңсар.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді