240 млн теңгеден астам алимент өндірілді
Фото: Pexels
Қостанай облысының прокуратурасы балалардың алимент алу құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек.
Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады.
«Кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент төлеуден жалтарғаны үшін 175 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 38 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 адам бас бостандығынан айырылды», деді прокуратура.
Рудный қаласының прокуратурасы азамат К. мүгедек баласына 2,1 миллион теңге көлемінде алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Борышкер сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.
Лисаков қаласының тұрғыны алиментті өтеу есебімен қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін 2 бір бөлмелі пәтерін тапсырды.
Сол сияқты тағы 4 борышкер алимент өндіріп алушыларға тұрғын үй құқығын берді.
Қабылданған қадағалау актілерімен 210 баланың пайдасына 240 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді. Балаларды асырауға алименттерді уақтылы және толық өндіріп алу жөніндегі жұмыстың жеткіліксіздігі үшін 18 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Бейімбет Майлин аудандық прокуратурасымен жеке сот орындаушысының 3 айдан астам алимент бойынша берешегі бар 100 борышкерге қатысты шара қолданбау фактілері анықталды.
Қадағалау актісі бойынша сот орындаушысы лицензиясынан айырылды, оның атқарушылық іс жүргізуі басқа тұлғаға берілді, оларға 110 балаға ай сайынғы төлемдер жедел қамтамасыз етілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті