24 қыркүйекке ауа-райы болжамы: шаңды дауыл соғып, тұман түседі
Синоптиктер 24 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Қазақстанның батысында, орталығында және шығысында фронтальды бөліктердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Орталықта және шығыста - аздаған жауын шашын жауады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, орталықта және шығыста жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста-шаңды дауылмен, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында-тұман болады, - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда және Түркістан облысының батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысында орталықта және батыста, Маңғыстау облысында, орталықта, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында түнде оңтүстікте және орталықта, күндіз басым бөлігінде 15-22 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Қостанайдың солтүстік-шығысында, шығысында, Солтүстік Қазақстанның оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының таулы және тау бөктерлі аймақтарында топырақ бетінде 1-3 градус аяз күтіледі.
– Түркістан, Қызылорда, Алматының көп бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - дейді мамандар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық