24 шілдеде қазақстандық қай спортшы жарыс алаңына шығады?
Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXXII Жазғы Олимпиада ойындарында 24 шілде күні қазақстандық спортшылар спорттың жеті түрінен жарысқа қатысады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы (Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский) топтық кезеңде жарыс алаңына шығады.
Келесі кезекте дзюдодан Отгонцецэг Галбадрах және Елдос Сметов алдымен іріктеу кезеңінде татами төрінде тайталасқа түседі. Одан сүрінбей өтсе, кешке жүлдеге таласады.
Бокстан Серік Теміржанов шаршы алаңда алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сондай-ақ, теннистен Александр Бублик, Андрей Голубев, Елена Рыбакина және Зарина Дияс жекелей және жұптық сында қарсыластарымен күш сынасады.
Спорттық гимнастикада Милад Карими сайысқа түссе, суға жүзуде Дмитрий Баландин, үстел теннисінде Анастасия Лаврова ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшылардың 24 шілдедегі ойын көрсету кестесі:
08:00 Велоспорт. Ерлер. Топтық жарыс Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский
08:00 Дзюдо. Ерлер. 60 келі Елдос Сметов
08:00 Дзюдо. Әйелдер. 48 келі Отгонцецэг Галбадрах - Янань Ли (Қытай)
08:00 Теннис. Ерлер. Жекелей сын. Александр Бублик - Даниил Медведев (Ресей)
08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын. Зарина Дияс - Барбора Крейчикова (Чехия) Елена Рыбакина - Саманта Стосур (Австралия)
08:00 Теннис. Ерлер. Жұптығ сын. Александр Бублик / Андрей Голубев - Жереми Шарди / Гаэль Монфис
09:18 Бокс. Ерлер. 57 келі. Серік Теміржанов - Роланд Галош (Венгрия)
11:30 Спорттық гимнастика. Ерлер. Кермедегі жаттығу. Милад Карими
17:35 Суға жүзу. Ерлер. Брасс. 100 метр. Дмитрий Баландин
18:00 Үстел теннисі. Әйелдер Анастасия Лаврова - Мария Сяо (Испания).
Кеше, 23 шілдеде Жапонияның Токио қаласында Жазғы Олимпиаданың салтанатты ашылуы болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық