24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Фото: Айқын
24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Владимир Путин ел азаматтарына жолдауында айтты. Құрбан болғандар саны бойынша Крокус Сити Холлдағы теракт Мәскеудегі ең ірі терактілердің біріне айналды, деп хабарлайды Orda.kz.
22 наурыз күні кешке Мәскеу мен Мәскеу облысындағы ең үлкен концерттік залдардың бірі Крокус Сити Холлда бір топ ер адам автоматтан оқ жаудырып, кейін өрт шыққан. Концерт залы толығымен жанып кеткен. Осы уақытқа дейін ғимараттағы өрт салдары түгел жойылған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 133, оның ішінде үш бала және 140-тан астамы жараланған. Тергеу комитеті зардап шеккендердің саны әлі де өсетінін баса айтты. Терактіге тікелей қатысы бар төрт адам ұсталды, деді ел президенті ресейліктерге жолдауында. Бұл іс бойынша барлығы 11 адам қамауға алынды.
«Мәскеуде және Мәскеу облысында, еліміздің барлық аймақтарында лаңкестікке және диверсияға қарсы қосымша шаралар енгізілді. Ендігі ең бастысы – осы қантөгістің артында тұрғандардың басқа қылмыс жасауына жол бермеу»,- деді Путин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық