«238 млн теңге»: Ақтөбеде мектеп есепшісі бес жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған

cover Фото: freepik.com

Ақтөбеде №48 жалпы білім беретін мектептің есепшісі бюджет қаражатын заңсыз жымқырған, деп хабарлайды Orda.kz.

Қызмет бабын пайдаланып, 2019-2024 жылдар аралығында мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Ол жалақыны белгіленген мөлшерден артық аударып, қосымша демалыстар беру арқылы қаражат алған.

Мектеп есепшісі 7 жылға материалдық жауапкершілікке қатысты лауазымдарды атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар