23 қыркүйекке ауа-райы болжамы: найзағай ойнап, тұман түседі
Синоптиктер 23 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Батыста, оңтүстік-батыста және солтүстікте, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда фронтальды учаскелердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Соған байланысты жаңбыр жауып, оңтүстік-батыста және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда – найзағай ойнайды. Ал солтүстікте жауын-шашын жауады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында желдің күшеюі күтіледі. Батыста және оңтүстік-батыста - шаңды дауылмен, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында – тұман күтіледі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Маңғыстау облысының батысында және орталығында найзағай күтіледі, түнде және таңертең жағалауда - тұман, күндіз облыстың солтүстік -шығысында 15-20 м/с жел күшейеді. Шаңды дауыл болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз солтүстік-батыста және Қызылорда облысының орталығында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, түнде оңтүстікте және орталықта, күндіз басым бөлігінде - желдің 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстікте, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, күндіз Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде және батысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде және батысында, түнде және таңертең солтүстікте, Қостанайдың солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстанда, Ақмоланың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұман.
Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус аяз.
– Түркістан, Қызылорда, Алматының көп бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - дейді мамандар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық