23 наурыздың мейрамға ешқандай қатысы жоқ – мәдениеттанушы
Фото: Ашық дереккөзден
Белгілі мәдениеттанушы, этнограф Серік Ерғали Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауға қатысты тосын пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Оның айтуына қарағанда, бізде әлі күнге дейін Наурыздың ресми бейнесі жоқ.
«Осы мәселені он жылдан бері айтып келе жатырмын. 23 наурызды 14 наурызға ауыстырып, мереке етіп бекіту қажет. Мүшелдік жыл басы деп мәртебе беру керек. Сонда ол дүниежүзіндегі ең ескі жаңа жыл болады.
Бізде әлі күнге дейін Наурыздың ресми бейнесі, атрибуттары жоқ. 90-жылдары басталған этнографиялық сипат әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Оның басты себебі – Наурыз мерекесі ғылыми тұрғыдан терең зерттелген жоқ. 2009 жылы бұл мейрамды тойлаудың жаңаша тұжырымдамасын жариялап, сол тұжырымдамамен Астана қаласында алғаш рет Ұлыстың ұлы күнін атап өткенбіз. Арада 15 жыл өтсе де, әлі ештеңе өзгермеді», – дейді мәдениеттанушы.
Сондай-ақ Серік Ерғали Наурыз этнографиялық еске алу күніне айналып кеткенін тілге тиек етті.
«Шыны керек, қазір Наурыз этнографиялық еске алу күніне айналып кетті. Сол күні музейдегі бүкіл экспонаттарды шығарамыз, баланы бесікке саламыз, тұсауын кесеміз. Былайша айтқанда, мерекеге қажеті жоқ дүниелерді жасаймыз. Оның үстіне 23 наурызды демалыс күні етіп қойдық. Алайда, бұл күннің Наурызға ешқандай қатысы жоқ», – дейді мәдениеттанушы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық