23 ақпан Қазақстанда неге аталмайды?
23 ақпан кеңестік Отан қорғаушылар күні. Тәуелсіздік алғанымызға, өзіміздің қарулы күштердің құрылғанына 30 жылға таяу уақыт өткеніне қарамастан осы күнді атап өтетін отандастарымыз жеткілікті. Бұл мереке елімізде неге тойланбайды? Басқа посткеңестік елдерде бұл мереке тойлана ма?
Тарихқа шолу
«Отан қорғаушылар күні» - жыл сайын 23 ақпанда Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанда атап өтілетін мереке. Мереке 1922 жылы 27 қаңтарда РСФСР Президиумында Қызыл Армияның төртінші жылдығы туралы қаулыда бекітілді. Онда: «Қызыл Армия туралы Бүкілресейлік кеңестер съезінің IX қаулысына сәйкес, Қызыл Армияның құрылуының алдағы мерейтойына атқарушы комитеттердің назарын аударады», - делінген.
1922 жылдан бастап КСРО-да бұл күн жыл сайын дәстүрлі түрде «Қызыл Армия күні», 1946 жылдан бастап «Кеңес Армиясы күні», 1949 жылдан 1992 жылға дейін «Кеңес Армиясы мен Әскери теңіз флоты күні» ретінде атап өтілді.
Қазақстанда
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері 1992 жылы 7 мамыр күні құрылды. Сол кезден бастап елімізде Отан қорғаушылар күні 23 ақпанда емес, 7 мамырда аталады. Көптеген отандастарымыздың түсінігінде 7 мамыр мен 23 ақпан Ерлер күні болып есептеледі. Бірақ Отан қорғаушылар күнін тек ерлермен байланыстыру - үлкен қателік. Әскери борышын өтемеген, әскерге бармаған қаншама жігіт бар? Ал әскерге барып, отан алдындағы парызын өтеген, қазір де өтеп жүрген қыз-келіншектер қаншама?
Мәселен, жерім, елім деп Кеңес заманында Ұлы Отан Соғысында қан төккен апаларымыз да жеткілікті. Олардың қатарында Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова, Ғарифа Рахметова, Замиха Наушева, Мүслима Қожахметова, Роза Момынова, Әсия Ғалымова, Қаламсия Ермекова, Әзима Ниязғалиева және де тағы басқа қазақтың қыз келіншектері толып жатыр. Айта кетсек, ашық дереккөздерде Ұлы Отан Соғысына 600 мыңнан астам қыз-келіншек қатысты делінген.
Кеңес одағы құрамында болған елдерде
Кеңестік тарихтан арыламыз деуші елдер Қызыл Армия дәуренінен қалған мерекелерді атап өтпейді. Расында, жоқ мемлекеттің қарулы күштер күнін атап өту - ақылға қонымсыз...
Отан қорғаушылар күнін КСРО ыдырағаннан кейін өз Қарулы Күштерін құруына байланысты тәуелсіз Өзбекстанда 14 қаңтарда аталады. Мерекенің өзі 1993 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған Республика Жоғарғы Кеңесінің шешімі бойынша 14 қаңтарға белгіленген.
1992 жылғы 14 Қаңтарда Өзбекстан парламенті ел аумағында орналасқан барлық бөлімдер мен құрамаларды, әскери оқу орындары мен басқа да әскери құралымдарды Өзбекстан Республикасының өкілеттілігіне ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Украинада қорғаушы күні 14 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке 23 ақпанда Отан қорғаушылар күнін атап өтудің кеңестік дәстүрін аяқтады. Мереке Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаушылардың батылдығы мен ерлігін, украин халқының әскери дәстүрлері мен жеңістерін құрметтеу, патриоттық рухты одан әрі нығайтуға жәрдемдесу мақсатында атап өтіледі. Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко 2014 жылғы 14 қазанда тиісті Жарлыққа қол қойған.
Әзірбайжан Қарулы Күштері күні республиканың барлық әскери қызметшілерінің кәсіби мерекесі ретінде 26 маусымда аталады. Бұл күні 1918 жылы Мұсылман шығысындағы алғашқы Республика болған Әзірбайжан Демократиялық Республикасы Үкіметінің шешімімен тұрақты армия бөлімі - жеке Әзірбайжан корпусы құрылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Әзірбайжан Республикасының Президенті Гейдар Әлиевтің 1998 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес, бұл тарихи күн (ред. 26 маусым) Әзірбайжан Қарулы Күштері күні болып жарияланды.
Грузия қарулы күштер күнін 30 сәуірде атап өтеді. Грузия Ұлттық гвардиясы 1990 жылы желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесі қаулысымен құрылды. 1991 жылы 24 сәуірде міндетті әскери қызметке шақыру туралы бұйрық шығарылды, ал 30 сәуірде шақыру ресми түрде басталды.
28 қаңтарда Армения қарулы күштерінің барлық әскери қызметшілерінің кәсіби мерекесі – «Әскер күні» атап өтіледі. 1991 жылы Министрлер Кеңесінде Армения Республикасы Үкіметінің шешімімен қорғаныс мемлекеттік комитеті құрылды, ал 1992 жылғы 28 қаңтарда «Армения Республикасының қорғанысы туралы» тарихи шешім қабылданды.
23 ақпанды атап өтетін мемлекеттер
Ресейде 23 ақпан - Отан қорғаушылар күні. Бұл күн - ресми демалыс. Дәстүр бойынша оны ерлер күні деп атауға болады. Барлығы дерлік құттықтаулар мен сыйлықтар алады.
Беларуссияда мерекенің негізі 1918 жылғы 23 ақпанда қаланған. 2018 жылғы 23 ақпанда Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің 100 жылдығы мемлекеттік деңгейде атап өтті.
Тәжікстанда 23 ақпан - Отан қорғаушылар күні ғана емес, сонымен бірге Қарулы Күштерінің құрылған күні. 1993 жылы 23 ақпанда ел тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын болмаған Қарулы Күштердің алғашқы әскери шеруі өтті.
Қырғыз елінде Қарулы күштердің 1992 жылы 29 мамырда құралғанына қарамастан, 23 ақпан Отан Қорғаушы күні ретінде аталады. Бішкекте бұл күні әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда Бішкек гарнизонының жеке құрамы салтанатты сапқа тұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық