22 жасар жігіт Әлібековтің Lamborghini көлігінің астында қалып, көз жұмды
Фото: alibekovkz
Алматыда «Сокол» автодромында экстремалды трюк орындаймын деген 22 жастағы Батырхан Ержанов ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол апаты 29 қазан күні Алматы – Астана тас жолында орналасқан «Сокол» автодромында болды. Lamborghini көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Анатолий Подлипалин трюк орындау кезінде Батырханды қағып кетті. Ол сол сәтте жүріп келе жатқан көліктің үстінен секірмек болған. Трюк жасау кезінде қайғылы жағдай болып, Ержанов белгілі блогер Бейбіт Әлібековке тіркелген көліктің астында қалды.
Оқиғадан кейін Батырханды Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оған ауыр ми жарақатын, көп соққы іздерін, самай сүйегінің ұсақ сынығын және үшінші дәрежелі кома диагнозын қойды. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 30 қазанда Батырхан алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиға бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу нәтижесінде ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал Әлібеков марқұмның көлікті ұзақ уақыт бойы сұрап жүргенін айтты. Блогер Lamborghini көлігін қауіпті трюк үшін беру-бермеу мәселесін өзінің телеграм-арнасында сауалнама арқылы шешкен болатын.

«Айтар сөзім жоқ. Марқұмның жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Мүмкін, көлікті бермеу керек пе еді», – деп пікірін айтты Әлібеков.
Бұл байқауды ресейлік блогер Михаил Литвин ұйымдастырған екен. Марқұм осы байқауға қатысу үшін әсерлі бейнеролик түсіруді жоспарлаған. Байқауға 200 мыңнан аспайтын жазылушысы бар аккаунт иелері қатыса алатын. Қатысу үшін энергетикалық сусын құтысын пайдаланып, өнімді жарнамалап, креативті ролик жасау керек болған. Бас жүлдесі көлік болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық