22 ақпанға ауа райы болжамы: тұман, көктайғақ күтіледі
Фото: Pixabay
Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Республиканың батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, ал солтүстікте – бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болады.
Алматы облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең солтүстікте және облыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді, боран соғады, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, боран соғады, облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, түнде шығыста, облыстардың орталықтарында көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Жаңалықтар
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталды
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді