21 жыл бұрынғы Нью-Йорктегі лаңкестік әрекет кезінде қазақстандық әйел қаза тапқан
Осыдан тура 21 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығында болған теракт салдарынан 2977 адам қаза тапты, оның ішінде 32 жастағы отандасымыз Жанетта Цой бар, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
2001 жылғы 11 қыркүйек күнгі таңғы сағат 9.00. Бұл күні қазақстандық Жанетта Цой жаңа өмірге алғашқы қадамын бастады, өйткені бұл АҚШ-та бір-екі сағатқа ғана созылатын жаңа жұмыстың бірінші күні болатын. Ол күйеуі Вячеслав екеуі барлық қиындықтар артта қалды және енді оларды «әдемі болашақ» күтіп тұр деп сенді. Жанетта Дүниежүзілік сауда орталығындағы жаңа жұмысына бұрын тек фильмдерде ғана көретін зәулім ғимараттарды аралап жүріп жетті.
Бәрі кинодағыдай басталды
Алматылық 32 жастағы Жанетта Цой Америкаға Marsh & McLennan компаниясының Қазақстандағы кеңсесінен ауысты. Бұған дейін ол АҚШ-та отбасымен тұруға мүмкіндік беретін жасыл карта ұтып алған болатын. Бірақ ол әлі де қазақстандық еді. Оған өзі есепші болып жұмыс істеген компания Нью-Йорктегі кеңсесінен жұмыс ұсынды.
«Бұл тағдырдың сыйы» деп ойлады жас отбасы. Бірақ тағдырдың бұл сыйы оларға ешқашан ұмыта алмайтын өшпес мұң сыйларын сезбеді.

«Сол күні жұмысқа асықты»
Жанетта 17 қыркүйекте жұмысқа шығуы керек еді. Бірақ компания басшылығы ерте келуді өтініп, ол жұмыс күнін 11 қыркүйекте бастады (кейбір деректерде 10 қыркүйекте). Бұлай асықпаса, қазір тірі жүрген болар ма еді, кім білген.
— Ол сол күні жұмысқа қатты асықты. Кешігіп қалудан қорықты. Мен бәрінің жақсы басталғанын қаладым. Алайда бәрі басқаша сипат алды, - деді оның күйеуі Вячеслав Лигай журналистерге.
Әл-Қаида содырлары (ред. – Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұшақты Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына бағыттап, жарып жібергенде, отандасымыз Жанетта жұмыс орнында отырған болатын.

Бірнеше ай бойы Жаннетта қайтыс болғандар мен тірі қалғандар тізімінде болмады. Алғашқы күндері ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп мәлімдеген. Жанеттаның ата-анасы мен күйеуі оның тірі екеніне сенімді болды. Бірақ жеті айдан кейін үміт үзілді - сараптама ғимараттан табылған сүйектің қазақстандық әйелге тиесілі екенін растады.
— Қызымыздың қайда жұмыс істейтінін білеміз. Жаңалық шыққанда бірден оған телефон соқтық. Ол телефонын көтермеді. Вячеслав та қоңырауымызға жауап бермеді. Тек үш күннен кейін біз оның жоғалғанын білдік, - деп еске алады Жанеттаның анасы Раиса Цой.
Жанеттаның туыстары күйеу баласы Вячеслав пен жиендері Александраны бірнеше рет елге шақырған. Бірақ әкесі мен қызы қайтып келуден бас тартты. Айтпақшы, Александра қыз қазір спортта тамаша нәтиже көрсетуде.
— Біз Қазақстанға қайтып оралмаймыз. Өлі ме, тірі ме, әйелім осында. Ол қайда болса, біз әрқашан сонда боламыз, - дейді Вячеслав Цой.
Жыл сайын 11 қыркүйекте Цой отбасы Жаннетаны еске алып, оның бейітін зиярат етеді. Бұл күні АҚШ-тағы қазақстандықтар Жаннетта есімі қашалған мемориалға келіп, гүл шоқтарын қояды.

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Америкадағы жарылыстар әлемдегі ең ірі лаңкестік шабуыл болды. Барлығы 2977 адам зардап шекті, оның ішінде 343 өрт сөндіруші, 60 полиция қызметкері бар. Ол жерде АҚШ-тың басқа 92 штатынан да адамдар болды. Жыл сайын 11 қыркүйекте Нью-Йорк теракт құрбандарын еске алады.
Авторы: Даниэль Артуров, аударған Ләззат Нұрсапақызы.
Сурет: ашық көздерден
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық