21 желтоқсанға ауа райы болжамы: тұман, көктайғақ, жел
Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Қостанайдың батыс жартысында, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысы мен шығысында тұман, облыстың батысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батыс жартысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістанның солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі, күндіз таулы тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атыраудың орталығында, Маңғыстаудың солтүстік-шығысында және Алматы облысында тұман күтіледі, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық