2026 жылғы Олимпиада мәресіне жетті: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қай орында?
Фото: Olimpic.kz
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылғы Олимпиаданы қорытындылады. Милан-Кортина-2026 Олимпиадасында Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінде сынға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел қоржынына жалғыз жүлде түсті. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды. Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында Қазақстан Бразилиямен бірге 19-орынға тұрақтады. Ал елден барған бірнеше спортшы алғашқы ондыққа кірді.
Илья Мизерных шаңғымен үлкен тұғырдан секіруде 8-орын алып, Қазақстанда осы спорт түріндегі ұлттық рекордты жаңартты.
Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 3000 метр қашықтықта алтыншы болып мәреге жетті.
«Бұл - 1998 жылы Людмила Прокашева Олимпиадада қола медаль алғаннан бергі ең жоғары нәтиже. Сонымен қатар Морозова 5000 метрде тоғызыншы, командалық із кесу сайысында сегізінші орын иеленді», деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Морозованың командаласы Елизавета Голубева да үш рет үздік ондыққа енген. Ол 1500 метрде - жетінші, 3000 метрде - 10-орын алды. Голубева және Морозовамен бірге командалық із кесу сайысында Арина Ильященко да сегізінші нәтиже көрсетті.
Ал конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта тоғызыншы орынға тұрақтады.
Шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жетінші орынды иемденді.
Комитет фристайл-акробатикадан аралас командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы жетінші болғанын еске салды. Бұл сында Асылхан Асан, Роман Иванов және Аяна Жолдас өнер көрсеткен.
«Могулшы Анастасия Городко да үздік ондыққа енді. Ол параллельді могулда ширек финалға дейін жетіп, сегізінші орын алды. Осы дисциплинада Павел Колмаков тоғызыншы сатыға жайғасты», - деп мәлімдеді комитеттегілер.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина да Қазақстан тарихында ең жоғары нәтижеге қол жеткізген. Қысқа және еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша, ол 10-орынға тұрақтады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан үшінші бітімгерлік контингентін Голан жоталарына жібереді
- Енді төлқұжат пен жүргізуші куәлігін ХҚКО бермейді
- 2026 жылғы Олимпиада мәресіне жетті: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қай орында?
- Шығын – 95 млн теңге. Шымкентте бірнеше адамды алдап кетті деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды
- Мексикада ең ірі есірткі ұйымының жетекшісін өлтірді: Елде не болып жатыр?
- Көкшетауда алаяқтар ЖОО оқытушысын тақырға отырғызып кетті
- АҚШ президентінің резиденциясын торуылдаған 20 жастағы жігіт оққа ұшты
- Алматыда 28 жастағы жігітті қар көшкіні басып қалды
- АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды
- Польшалық шорт-трекші Камила Сельер коньки жүзімен беттен соққы алды
- Қазақстандағы мыс саласы қайтадан Владимир Ким мен Эдуард Огайдың қолына өтті
- Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден төрт алтын медаль алды
- Шымкентте былтыр ғана салынған жол опырылды
- Өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек: Министрлік жалған ақпаратқа жауап берді
- Эпштейнмен қатынасы үшін дауға қалған ханзада Эндрю таққа мұрагер бола алмайды
- Трамп барлық елдерге баж салығын 15 %-ға дейін көтеретінін мәлімдеді
- Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
- Тоқаев Сауд Арабиясы Королі мен тақ мұрагерін құттықтады
- Геннадий Головкин Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйлады