2026 жылға дейінгі нақтыланған бюджет жобасы Мәжілісте қаралды
Pixabay
Сәрсенбі күні Мәжіліс «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгерістерді назарға алды. Құжатта кірістің азаюы мен шығыстың ұлғаюы қарастырылған, деп хабарлайды Orda.kz порталы Власть сайтында сілтеме жасай отырып.
«Жоба екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді. Біріншіден: 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмендеген. Бұл ретте мақсатты трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге тарту жоспарлануда», - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева
Сонымен қатар, оның айтуынша, шығыстар мен тапшылықтар 2023 жылға арналған бюджет қаражатының 61,3 млрд теңгесі қалдығын пайдалана отырып, үкімет жүргізген бюджеттік түзетулер ескеріліп өзгертілген. Осылайша, түзетілген бюджет шығыстары 61,3 млрд теңгеге ұлғаяды, ал 2024 жылға арналған тапшылық 3,6 трлн теңге болады.
Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев «Власть» газетіне берген сұхбатында бюджет тапшылығы шамамен 4 триллион теңге болатынын, оның 2 триллион теңгесі Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту арқылы, ал қалғаны салықтық әкімшілендіру және квазиден төленетін дивидендтер есебінен жабу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.
Жалпы, 2024 жылға Үкіметке Ұлттық қордан 1,6 трлн теңге нысаналы трансферт түсті. Ал 11 қазанда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов министрлер кабинеті Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге сұрағанын хабарлады. Осылайша, нысаналы трансферт 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте қыркүйекте Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2024 жылғы бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет Ұлттық қордан қосымша 1,5 триллион теңгеден 2 триллион теңгеге дейін алуды жоспарлап отырғанын айтты.
Президент пен үкімет Ұлттық қордан қаражат алуды қысқарту, оның ішінде Тоқаев қойған тапсырманы орындау – оны 2029 жылға қарай оны 100 миллиард долларға дейін жеткізу қажеттілігі туралы бірнеше рет айтты. Шындығында Ұлттық қордан қаражат алу көлемі өсіп жатыр. Соңғы екі жылда ол өз шыңына жетті.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты