2025 жылы Түркістанда Ислам институты ашылады
Фото: Егемен Қазақстан
Түркістанда 2025 жылы Ислам институты ашылады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.
«Қаладағы ҚМДБ имамдарының біліктілігін арттыратын, институт жұмысын ұйымдастырудың жол картасын әзірлейтін, штаттық кестені қалыптастыратын және бекітетін, өңірдегі мешіт қызметкерлерінің біліктілігін қадағалайтын және қажет болған жағдайда біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыратын Ислам институтын ашу туралы шешім қабылданды» деп жазылған хабарламада.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бұл орталықты ғылыми-зерттеу институты ретінде тіркеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Бүгінде дін саласындағы қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру маңызды. Сондықтан біліктілік арттыру курстарына дін, тарих, мәдениет, философия және басқа да ғылым саласындағы танымал сарапшылар мен спикерлерді тарту қажет. Алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық конференциялар өткізу жоспарлануда және олардың нәтижелерін алдағы жұмыстарға пайдалану маңызды. Түркістандағы мықты теологтар мен профессорлардан білім алу арқылы діни қызметкерлер дамып, халыққа тиімді қызмет ете алады деп ойлаймын», – дейді Ертай Кенжебекұлы.
Деректерге сүйенсек, бұл институт биыл ашылады деп күтілуде. Бұл орталықта Қожа Ахмет Ясауи еңбектері мен хикметтері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында қызмет ететін имамдардың біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, олар тарихтан, классикалық шығармалардан дәріс беріп, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін жетілдіретіні айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық