2025 жылы егін егуге 700 млрд теңге бөлінеді
Фото: freepik.com
Үкімет 2025 жылы егін егуге 700 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Көктемгі егін егу жұмыстарын кешеуілдетпеу үшін шаруаларға жеңілдетілген несие желтоқсан айынан бастап берілетін болды. Шаруалар жылдағыдан ерте мемлекеттен жеңілдетілген несиеге өтінім бере алады. Ауыл шаруашылығындағы Президент жүктеген тапсырмалар аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге жетпек.
«Қазірдің өзінде 500-ден аса ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден өтінімдер келіп түсті. Қаражат фермерлерге екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қолжетімді. Биыл түрлі қиындыққа қарамастан қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ендігі мақсат – осы өнімді төкпей-шашпай жинап, сапалы сақтау», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Шаруалар елімізде әлі де элеваторлар мен астық сақтау қоймалары жеткіліксіз екенін мәлімдеді.
«Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Құрық портында астық терминалын іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар Abu Dhabi Ports компаниясымен қоса Сарыжыра теңіз терминалы құрылысы қолға алынды. Нәтижесінде Қазақстан порттарының әлеуеті жылына 30 тоннаға жетеді. Президент елдегі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10%-ке дейін жеткізу міндетін қойды. Үкімет келер жылы осы бағытта 200 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Сондай-ақ елімізде фермерлер арасында сұранысқа ие техника түрлерін шығаруға басымдық берілмек»,- дейді ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Сонымен қатар келер жылдан бастап комбайн шығару көлемі 34%-ке, трактор 43%-ке, тіркеме техникасын шығару 50%-ке ұлғайтылады.
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті