2025 жылғы ораза кестесі: қай кезде ауыз ашып, қай кезде бекітеміз?
Фото: Pixabay
28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Рамазан айы басталады. Жалпы, Рамазан айы 1 наурыздан 28 наурызға дейін болады. Orda.kz 20 аймақтың Рамазан айындағы кестесін ұсынбақ.
Астана мен Алматы қаласы
Рамазан кестесін елордамыздан бастасақ, Астана қаласында сәресі 05:28-де ал ауызашар уақыты 18:00-де.

Еліміздің оңтүстік елордасы Алматы қаласында сәресі 05:11-де, ауызашар уақыты 17:44-те болады.

Оңтүстік аймақтар
Оңтүстік аймақтағы мегаполистердің қатарына кіретін – шырайлы Шымкент қаласында сәресі 05:40-та болса, ауызашар уақыты 18:14-те.

Қызылорда қаласында 05:56-да ауыз бекітсе, 19:46-да ауыз ашады.

Тараз қаласында сәресі 05:33-те, ал ауызашар уақыты 18:07-де.

Тарихы тереңде жатқан Түркістанда 05:45-те ауыз бекітсе, ауызашар уақыты 18:19-да.

Ал Жетісу облысы, Талдықорған қаласында сәресі 05:04-те болса, ауызашар уақыты 17:37-де.

Солтүстік аймақтар
Павлодар қаласында сәресі 05:05-те, ал ауызашар уақыты 17:36-да.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында 05:34-те сәресі болса, 18:04-те ауызашар уақыты.

Ақмола облысының Көшетау қаласында 05:35-те сәресі, ал 18:05-те ауызашар.

Батыс аймақтар
Ал еліміздің батыс аймағындағы Ақтөбеде 06:26-да сәресі, ал 18:58-де ауызашар уақыты.

Атырау қаласының тұрғындары 06:49-да сәресін ішсе, 19:21-де ауызашар.

Маңғаз дала Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 06:53-те сәресі, ал 19:27-де ауызашар.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 06:49 да сәресі, 19:20-да ауызашар.

Шығыс аймақтар
Абай облысы Семей қаласының тұрғындары 04:54-те сәресін ішсе, 17:26-да ауыз ашады.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында 04:45-те сәресі, ал 17:17-де ауызашар уақыты.

Орталық аймақтар
Қарағанды қаласында 05:23-те сәресі, 17:55-те ауызашар.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында 05:45-те сәресі болса, 18:17-де ауызашар.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық